Ата-аналар аллеясы болады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ата-аналар аллеясы болмақ

Шымкент қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектептте ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн түрінде жалпы мектепішілік ата-аналарға жылдық есеп беру жиыны өтті. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ш. Бейсенбаев және ата-аналар комитетінің төрағасы Е. Сағындықов әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар баяндалып қорытындыланды.
Биылғы оқу жылының IV тоқсаны қадірлі ата-аналар мен қымбатты оқушылар және құрметті ұстаздар қауымы үшін оңайға соқпағаны баршаңызға белгілі, соған қарамастан оқу жылының жемісті аяқталуымен ата-аналарды құттықтай келе, мектебімізді биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар бойынша 3064 білім алушы оқу жылын аяқтап, оның ішінде 9-сыныпты 203 оқушы 10 «Үздік куәлік», 11-сыныпты 99 оқушы 3 «Алтын белгі» иегері атанғанын сонымен қатар қашықтықтан оқу барысында Республикалық "Daryn.online" платформасы арқылы білім алған, жоғары балл жинап Республика бойынша алғашқы ондықтың ішінен көрінген 9 сынып оқушылары А. Бейсенбай мен А. Әскербектің және т.с.с. мектебіміздің жетістіктерін және пән мұғалімдері мен оқушылардың қашықтықта пәндік олимпиадаларға қатысып, түрлі жүлделі орындарға ие болғанын атап өттім.
Қасиетті рамазан айында еріктіліер мен демеушілер тарапынан ұйымдастырылып жиналған қаражатты мектептің әлеуметтік педагогымен бірлесе отырып, аз қамтамасыз етілген және мұқтаж отбасыларға берілгенін қатысушылар назарына ұсындым. Алдағы уақытта мектеп ауласын көркейту мақсатында "Түлектер аллеясы","Ұстаздар"аллеясы ,"Ата-аналар" аллеясы сияқты көгалдандыру жұмысы жүргізілетінін және оқушылардың білім сапасын арттыруда түрлі жоспарлар түзіліп жатқаны мен ата-аналарды хабардар етті. Осы орайда ата-аналар тарапынан балалардың жазғы демалысы және балалардың қашықтықта оқыған кездегі қиындықтары туралы сұрақтар қойылып, мектеп басшысы тарапынан тұшымды жауап алды. Жазғы демалыс уақытында жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі де талқы таразысына түсті. Оқушылардың құқықбұзушылықтан аулақ болуы үшін түрлі жұмыстар атқарылмақ