Отбасы құндылығының жойылмағанын көрсетеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы құндылығының жойылмағанын көрсетеді

 

“Отбасы институты ең ежелгі құрылымның бірі, біле білсек. Адамзаттың өзі осы отбасы институтынан өту арқылы қалыптасқан. Жалпы отбасы дегеніміз не, оның құндылығы неде, оның дәстүрлері қандай? Міне, осы бағытта тәуелсіздік алғалы бері елімізде отбасы үлгісін жеткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Иә, дағдарыс бар. Әзіргі күні әлемнің көптеген елдерінде отбасылық дағдарыс байқалып отыр. Оны жасырудың қажеті жоқ.  Отбасы институтын сақтау үшін шетелге еліктемей, өз еліміздің, халқымызың құндылықтарын сіңіру бойынша жұмыс жүргізу қажет Ал бұл үшін не істелуі керек? Біріншісі, әке мен шешенің арасындағы қарым-қатынас жақсы болғаны жөн. Бала әке-шешесіне қарап өседі. Әке-шешесі тату болса, өскен соң баланың бойында отбасын құруға деген ынта мол болады.

Ал егер күнді ыдыс-аяқ сынып, айғай-шудан арылмаса мұндай баланың сана-сезімінде отбасы жаман ұғым ретінде қалыптасады.

Бұл ретте ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылған дұрыс бастама болды. Қазір комиссияның еліміздегі 14 облыста және Астана, Алматы, Шымкент  қалаларында өкілдіктері бар. Ұлттық комиссияның 2020 жылға дейін отбасылық саясатты дамыту, ұрпаққа үлгілі тәрбие беру жөніндегі жоспары бекітіліп, өңірлерге таратылған. Соны негізге алып, облыстар өзінің өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, іс-шаралар жоспарын жасады. «Ұлттық комиссияның ұлттық отбасыны насихаттау жөніндегі үлкен іс-шарасы – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы. Байқауға қатысуға тілек білдірген отбасылардың саны қазір екі есе өсті. Осының өзі республикада отбасыға деген көзқарастың қандай екенін көрсетіп отыр. Мұның барлығы елімізде отбасы құндылығының жойылмағанын көрсетеді.