Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары талқыланды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары талқыланды

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №14 Айбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Мусаева Валида Кабировна 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы оқушылардың ата-аналары алдында есеп берді. Мектеп басшысының есебін тыңдауға 1-11-сынып ата-аналар комитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты. Есеп барысында мектеп басшысының атқарған қызметі туралы, білім сапасы, өткізілген іс-шаралар туралы, білім алушылардың пән олимпиадаларына қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар мен ұстаздар туралы, ҰБТ -ның қорытындысы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”Заңының орындалуы туралы, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы және IV тоқсан бойынша қашықтықтан оқыту барысында жүргізілген іс-шараларға тоқталып өтті.Жиналысқа қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жаз айларында балалардың жақсы демалуына тілектестігін білдірді.