Өнегелі отбасылардан үлгі алады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өнегелі отбасылардан үлгі алады

Қазақстанда Бала құқығы бойынша өкілетті институт құрылып, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдамасы қабылданды.Бұл ғана емес. Жалпы біздің елімізде отбасылық құндылықтар мәселесі ешқашан да назардан қалыс қалған емес. Тіпті аумалы-төкпелі 90-шы жылдардың өзінде бірқатар маңызы жобалар жасалынды. Атап айтар болсам 1995 жылы Қазақстан Президенті жанына Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. 1998 жылы бұл ұйым ресми түрде Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы болып өзгерді. Тиісінше, оның шекарасы кеңейді, құқықтық құзіреті өсті. Сонымен қатар отбасы құндылығын арттыратын байқаулар да тұрақты түрде өткізіліп отырады. Айталық, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысатын жанұялардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Демек, осы байқау арқылы жас отбасы өзін-өзін тәрбиелеп жатыр, алдындағы аға-апа буыннан үлгі алып жатыр деуге әбден негіз бар. Биыл да мәртебесі биік осы байқауға Шымкент қаласынан қатысатын отбасылар қатары көп болады деген сенім мол. Өйткені алдыңғы буын аға апаларынан үлгі алған жас жанұялар көргені мен көңілге түйгені көп көреген даналардың әр ісінен өнеге алуда.