Әрбір ұстаздың міндеті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әрбір ұстаздың міндеті

Шәкірттерінің қабілетін шыңдау әрбір ұстаздың міндеті. "Ұлттық онлайн орталығының" ұйымдастыруымен Ұлы хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында қашықтықтан өткізілген "Абай оқулары" Республикалық байқауына Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушылары г.Амангелді, Қ.Асхат, А.Абдрахман, Д.Нургалиева, Д.Амангелді сынды оқушылар Абай шығармаларын үздік орындағаны үшін дипломдармен марапатталса, Лесбек Жансая ІІ орынды иемденіп мектебіміздің абыройын көтерді. Шәкірттеріміздің осындай республика көлемінде өз білімділіктерін көрсетуіне жетекшілік жасаған ұстазы Абдуллаева Оразкүл Алғыс хатқа ие болды. Жалпы мектеп ұжымы оқушылардың қабілетін шыңдауда толымды істер атқарып келеді. Одан бөлек, оқушылардың тәрбие мәселесі де назардан тыс қалған емес. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда атқарып жатқан жұмыстары бір төбе. Соның арқасында оқушылар құқықбұзушылықтан бойларын аулақ салып, оның орнына түрлі танымдық байқауларға қатысуда.