Мемлекеттік саясат жүйелі әрі жауапты болуы тиіс

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мемлекеттік саясат жүйелі әрі жауапты болуы тиіс

 

Ғасырлардан бері отбасы әрбір қоғамның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салттары мен ұлттық дәстүрлердің сақтаушысы болып отыр. Сондықтан отбасыны қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі әрі жауапты болуы тиіс.Мемлекеттік отбасы құндылығын арттыруда атқарып жатқан жұмыстары өте көп. Бүгін болмаса да, алдағы уақытта бұл жұмыс өз нәтижесін беруі керек.Қазақстандағы отбасылық құндылық мәселесі туралы айтқанда алдымен ажырасу көрсеткішін азайтқанымыз жөн. Себебі, талқандалған отбасының артында бала қалады. Айналып келгенде, бұл жағдайда бала бағудың бар машақаты анасының мойнына түседі.Мемлекет отбасы институттарын құруда, отбасы құндылықтарына қатысты түрлі байқаулар өткізуде. Мұндай байқаулардың берері көп. Өйткені өнегелі отбасылардан үлгі алған жас жанұялар соларға ұқсап бағуға тырысады. Солардай болсақ деп талпынады. Балаларын жақсылап тәрбиелеуге ұмтылады. Бұл да болса иедологиялық тұрғыдан отбасыларды қолдау болып табылады.