Алғыстарын білдірді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Алғыстарын білдірді

Шымкент қаласы білім басқармасының Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектеп директоры С.Н.Исабекованың қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетіне 28.05.2020 жылы онлайн форматта есеп беру жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2019-2020 оқу жылындағы педагог қызметкерлердің сапалық құрамы.
2. 2019-2020 оқу жылына бірінші сыныпқа балаларды қабылдау құжаттар тізбесі. 3. 2019-2020 оқу жылындағы "Қамқорлық" қайырымдылық акция жұмыстары туралы. 4. 2019-2020 оқу жылындағы мектеп білім сапасы.
5. Мектептің оқу-әдістемелік бағыты бойынша атқарылған жұмыстар.
6. Оқушылардың міндетті мектеп формасы туралы. 7. Тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар. 8. Білім алушылардың жазғы демалысын тиімді, қызықты өткізуіне бағыт-бағдар беру жайы талқыланды.
Онлайн жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерге жеке-жеке тоқталып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілді. Әсіресе жазғы демалыс уақытысында кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың алдын алу жайына ерекше тоқталып өтті. Жиналыс соңында Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г. Есенкабулова және ата-аналар мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға және оқушыларға деген ыстық лебіздерін жеткізді. Жиналысты қорытындылаған мектеп директоры С.Н.Исабекова ата-аналарға барлық жағдайда қолдау көрсетіп, белсенділік танытатын ата-аналарға алғысын білдірді.