Жұмыстарды жүйлеуге кірісті
Бүгінде кәмелетке толмағандардың тәртібін ұйымдастырумен айналысатын салааралық комиссия құрылған. Комиссия құрамына білім басқармасының, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері, мектеп директорлары кіреді. Кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын бұл комиссияға айтарлықтай өкілеттіліктер берілген. Егер ата-ана баласының тәрбиесіне қарамаса, комиссия оларды ата-ана құқынан да айыра алады. Ювеналды бөлімше басшылары жыл басынан бері өздері басқарып отырған аумақтар бойынша қылмыстар тіркелмегенін айтып отыр. Десек те, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі барлық жерде бірдей шешім таппай отырғаны рас. Әрине қуантарлық жағдай. Дегенмен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Алдын алу шаралары әрдайым жүргізілуі тиіс. Дәл қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы барлық мектеп оқушылары жазғы канукулға шықты. Осыған орай мектеп ұжымы есеп беру жиындарын өткізіп, жазғы демалыс уақытында оқушылардың құқықбұзушылығының алдын алу бойынша жұмыстарды жүйлеуге кірісті.
Жұмыстарды жүйлеуге кірісті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode