Тәртіпке, тәрбиеге бағынбайтын бала болмайды
Бүгінде кәмелет жасына жетпей жатып қылмысқа баратындардың қатарын азайту үшін, алдын алу үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көбіне бір-біріне күш көрсету оқу-білімсіз жүрген, айналысатын ісі жоқ жасөспірімдердің арасында орын алады деп жатамыз. Бала тәрбиесі ата-ана мен мұғалімге ортақ іс екені айтпаса да түсінікті. Бірақ, ата-анасынан жырақта жүрген балалардың тәртібімен қатар, мінез-құлқына да зер салу қажет-ақ шығар. Өйткені осы бағытта ақыл-кеңес беретін психолог мамандар кез келген білім беру ұйымдарында қызмет атқарады емес пе?
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жиілеуінің себебін психолог мамандар былайша түсіндіреді: «Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Сонымен қатар, бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына көңіл бөлуге мүмкіндіктерінің болмауы. Тағы бір себебі – балалардың жүрген ортасына қарай бейімделуі». Нарық қыспағына алған бүгінгі заманда ата-аналардың дені жұмысбастылықты желеу етеді. Дегенмен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін жұмыла жұмыс істеу қажет деп санайды психологтар. Ол үшін әр баланың жан дүниесіне үңіліп, жеке дара жұмыс істеу қажет. Тәртіпке, тәрбиеге бағынбайтын бала болмайды. Тек тілін таба білу қажет.
Тәртіпке, тәрбиеге бағынбайтын бала болмайды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode