Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой
Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Шымкент қаласындағы №75 мектеп-гимназиясының ұстаздары Құсбек Күнжан Сабырқызы мен Алимусаева Айгуль Шамшиевнаға Ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін «ҚҰРМЕТ» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ құрмет грамоталары табыс етілді. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – №75 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Құсбек Күнжан Сабырқызы . Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Күнжан Сабырқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін оқушыларына барынша тәрбие дәнін еге білді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Құсбек Күнжан Сабырқызының ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге. Күнжан апайымыз зейнеткерлік демалысқа шықпақшы. Әйтсе де бойынан сол бір жастық жігердің ұшқыны жылдар өтсе де әлі де сөнбегенін сөзбен емес, нақты істер арқылы көрсетуде. Күнжан апйдың ізінен келе жатқан мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,тарих пәнінің мұғалімі Алимусаева Айгуль Шамшиевнада қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығымен ерекшеленді. Оның қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық.
Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode