Педагог-психологтар кеңес өткізді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Педагог-психологтар кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының және Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде «Жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» ҚБ қолдауымен карантин кезеңінде кәмелетке толмаған балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету бойынша вебинарлар өткізілді.  Вебинарларға Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының 900-ден астам педагог-психолог қатысты. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша пікір білдірді. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға психологиялық көмек көрсету  жәйі сөз болды. Шымкенттік психолог-педагогтар арнайы келелі кеңес құрулы ойластыруда.