Болашаққа жоспар құруда

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Болашаққа жоспар құруда

Бүгінде Шымкент қаласындағы барлық білім ошақтары оқу жылын аяқтап, есеп беру жиындарын онлайн өткізуде. Өткенге есеп, болашаққа жоспар құруда. Қалалық  білім басқармасына қарасты Ж. Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес zoom қосымшасы арқылы онлайн түрінде өткізілді. Күн тәртібінде Мектеп-гимназия оқушыларының білім сапасы, 4 тоқсанның және жылдық қорытындысы бойынша үлгерім есебі, сыныптан сыныпқа көшу, "Алтын белгі", ерекше үлгідегі куәлікке, аттестатқа үміткерлер туралы. 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ке дайындығы, Педагог қызметкерлерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеудің шарттарын және өтініш беру нұсқаулығымен таныстыру мәселелері қаралды. Одан бөлек, мұғалімдердің кезекті еңбек демалысы, мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жоспары, оқушылардың өмір, жол, техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағы да тілге тиек болды. Жасөскіндердің жазғы демалысын сәтті өткізуі, құқықбұзушылықтан бойды аулақ ұстауы да күн тәртібінен түскен жоқ. Мектеп оқушылары арасында жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша іс шаралар өткізіліп келген болатын. Үгіт насихат жұмыстарының берері көп дейді ұстаздар қауымы. Күн тәртібі бойынша баяндамашылар есептерін жасап, үлгерім және атқарылған жұмыстардың салыстырмалы көрсеткішін ұсынды. Мектеп-гимназия директоры 2019-2020 оқу жылында белсенді де сапалы жұмыс жасап, оқу және тәрбие жұмысын ілгерілетудегі еңбегі үшін мұғалімдерге өз алғысын білдірді.