Көп септігін тигізеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Көп септігін тигізеді

Шымкент қалалық білім беру басқармасына қарасты №75 м ектеп-гимназиясының басшысы А.Д.Оразбаева қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналардың қатысуымен онлайн форматта есеп беру жиналысын өткізді. Жылдық есеп беру жиналысын қамқоршылық кеңестің мүшесі Б.П.Алчабаев сөз сөйлеп ашты. Мектеп директоры А.Д. Оразбаева 2019-2020 оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтап, жыл бойы атқарылған маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Елімізде төтенше жағдайға байланысты оқу жылының IV тоқсанның қашықтықтан оқыту барысында ұстаздардың тынымсыз еңбектеріне тоқталып, оқушылардың қашықтықтан оқуына тез бейімделгенін атап көрсетіп ұстаздарға қолдау көрсеткен барша ата –аналарға алғысын білдірді. Жыл бойы білім спорт өнер саласында республикалық, қалалық жеңімпаз оқушылардың жеткен жетістіктері туралы айтылды. «Үлгілі ұстаз» байқауына қатысып, Алиева Қалбибі 1 орын, Жақыпбекова Майра ІІ орынға ие болып марапатталды. Калинова Зейнеп 11ә сынып «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы мен «Жастар жылы» аясында жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына,әлеуметтік-рухани мәселелерді талдай білуге ыкпал ету мақсатында ұйымдастырылган 2 қалалық мектеп оқушыларының ашық дебат турнирінде «Үздік спикер», «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы мен «Жастар жылы» аясында жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына,әлеуметтік-рухани мәселелерді талдай білуге ыкпал ету мақсатында ұйымдастырылган 2 қалалық мектеп оқушыларының ашық дебат турнирінде, ІІІ орын«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар,экологтар мен табигат зерттеушілерінің қалалық форумының «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғаны айтылып өтті. Ұстаздар қауымы жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етіп келеді. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда көп септігін тигізуде.