Үйретері көп шебер отбасыдан жастардың үйренері көп

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Үйретері көп шебер отбасыдан жастардың үйренері көп

Шымкент қалалық мәдениет басқармасы  күні кеше Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Болат Бейісбековтың «Алтын орда» отбасылық галереясын тікелей эфирде онлайн тамашалауды ұйымдастырды. Ұлтымыздың қол өнерін ұлықтаған өнерлі отбасының алтын қолынан шыққан бұйымдарды тамашалауға мүмкіндік туғаны үшін шымкенттіктер алғыс айтты. Тек көрме ғана емес, шеберлік сағатын да өткізді. Ұлттық өнерімізді дәріптеп, оны жастарға үйретуден жалықпай келе жатқан Бейісбековтердің еңбегі орасан. Отбасы мүшелерінің барлығы да он саусағынан өнері тамған шебер. Отбасы құндылығын ұлықтаған өнерлі отбасы тек елімізге ғана емес, алыс та жақын шетелдерге де танымал. Үйретері көп шебер отбасыдан жастардың үйренері көп.