Отбасы құндылығын жастардың санасына сіңіру қажет
Қазіргі таңдағы басты мақсат – жастардың санасына отбасы туралы құндылықтарды, оның қадірі мен қасиеті туралы мағыналы дүниелерді көбірек сіңіру. Иә, бұл бағытта мемлекет тарапынан ауқымды істер атқырылып жатыр. Жалпы отбасы, оның пробелмалары мен құндылығы туралы айтқанда оның түп-тамырына үңілу керек сияқты. Айталық, неке құру арқылы балалы боласыз, алдыңыздан ақша табу мәселесі, отбасын асырау, қосағыңмен тіл табысу проблемалары шығады. Анығында, бұлар да құндылықтар. Отбасы құндылығы деген түсінікті іргелі интститутқа айналдыру әлі де өзекті. Неке, отбасылық құндылығы туралы түсініктің өзі мемлекеттік деңгейдегі дүние. Бұл мораль мәселесі. Ал мораль мәселесіне кез-келген мемлекетте сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы әсер етеді. Бүгінде еліміздегі барлық облыс, аудан, қалаларда аналар кеңесі жұмыс істейді. Шымкент қаласында да Аналар кеңесің ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Тату отбасыларды, үлгілі жанұяларды жастарға дәріптеп, үлгі тұтуына ықпал етеді. Отбасы беріктігін бекемдеу үшін мектептерде, жоғары оқу орындарында түрлі кездесулер ұйымдастырып келеді. Мұндай басқосулардың берері көп әрине.
Отбасы құндылығын жастардың санасына сіңіру қажет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode