Білім сапасы жоғары
Шымкент қаласындағы №89 мектеп-лицейде ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн түрінде мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен жалпы ата-аналарға жылдық есеп беру жиыны өтті. Жиналысқа қамқоршылық кеңесінің төрағасы Т.Кулметов және ата-аналар комитетінің төрағасы В. Куандыкова әр сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Жиналыс барысында мектеп басшысы ретінде 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстарды баяндап қорытындыладым. IV тоқсанда қашықтықтан білім беруде мектеп ұжымына қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдірілді. Оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы- 74% құрады. 11- сыныпты 47 оқушы аяқтап, 4 оқушы- «Алтын белгі» иегері, 1 оқушы- «Жалпы орта Үздік аттестат» иегері атанды. 9-сыныпты 138 оқушы аяқтап, 14 оқушы «Негізгі орта үздік аттестат» иегері болды. Мұның барлығы да ұстаздар қауымының тер төгіп, еңбектенуінінің арқасында. Тек білім берумен ғана шектелмей тәрбие мәселесіне де баса назар аударылады. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның арқасында оқушылар құқықбұзушылықтан бойларын аулақ салып, жақсы жағынан көрініп келеді. Биылғы оқу жылында мектепте 201 мұғалім қызмет атқарды. Солардан 104 мұғалім аттестациядан өтіп, 2 мұғалім «Педагог-шебер», 21 мұғалім «Педагог-зерттеуші», 39 мұғалім «Педагог-сарапшы», 42 мұғалім «Педагог-модератор» біліктілік санатын алған. Мұғалімдердің сандық-сапалық құрамы - 52%.11-сынып түлектеріне соңғы қоңырау және аттестат тапсыру жиыны- санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, 3-4 маусымда өтетіні, жиынға мектеп формасында қатысатыны және ешқандай қаражат жиналмайтыны ескертілді.
Білім сапасы жоғары
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode