Жас ғалымның бағындырар белесі биік
Шымкент қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Рақымбай Нұржігіт Саятұлы "Ғылым әлемін ашамыз" атты халықаралық ғылыми жоба конкурсына қатысқан болатын. Көптен бері ізденіп, ғылыс жолына түсуді мақсат тұтқан озат оқушы бүгінде биік жетістіктерге жетіп жүр. Аталған конкурста "Техногенді ластанған су ортасын тазалауда өсімдіктердің биоиндикаторлық маңызы" тақырыбындағы ғылыми жұмысымен қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Нұргүл Әлжанова шәкіртінің оза шауып бәйге алуы үшін көп еңбектенді. Ақыры үміт ақталды. Үлгілі шәкірт осылайша мектептің мәртебесін асқақтатты. Жалпы аталмыш мектеп қаламыздағы үлгілі мектептердің бірі. Түрлі халықаралық байқауларға қатысып, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген шәкірттері көп. Білім бесігінде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру жоғары деңгейде. Соның арқасында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық атымен жоқ. Бұл да болса үлкен жетістік.
Жас ғалымның бағындырар белесі биік
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode