Жас отбасыларды қолдау қажет
Қазіргі таңда біз урбанизация мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл өз кезегінде отбасы құндылықтарына өте үлкен әсерін тигізуде. Менің ойымша мемлекет алдағы уақытта отбасы құндылығын насихаттайтын жаңа тетіктер ойлап тапқаны жөн сияқты. Айталық, Қазақстанда отбасымен бірге демалатын сауда ойын-сауық орталықтарын неге құрмасқа? Сайып келгенде, бұл әрбір отбасылы адамның алдынан шығатын сауал. Отбасыңмен бірге қайда барып демалуға болады? Сайып келгенде, отбасыларды қолдайтын әлеуметтік инфрақұрылым жасалған деген ұсыныс бар. Отбасы құндылығы деген не? Жалпы бұл ұғым, бұл түсінік демография мәселесімен тығыз байланысып жатыр. Бұл ретте сіздерге «демографиялық дүмпуге» әсерін тигізген Америка тәжірибесін айтып берейін. Америкада бұл мәселені деурбанизация жолымен шешті. Билік қаланың шетінде жеке үйлерде тұратын отбасыларға көмектесе бастады. Бұл амал өз кезегінде көп балалы отбасыларды сақтап қалу себеп болды. Бәлкім, бізге де бұл тәсілді пайдаланып көрген жөн шығар. Осы арқылы шет елді-мекендерде тұратын отбасыларды қолдап, қолпаштау жобасы жасалса тамаша емес пе? Сосын жоғарыда ажырасу мәселесін тілге тиек еттіңіздер. Иә, оның себептері көп. Сонымен қатар менің ойымша медицина қызметін сапалы қылу керек. Перзентханалардағы медициналық қызметтің сапасын жақсартсақ бұл біздің отбасы құндылықтарын дамуға қосқан үлкен бастама болар еді.
Зәмір ҚАРАЖАНОВ, саясаттанушы
Жас отбасыларды қолдау қажет
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode