Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында мектеп директоры Р. У. Жанабаева 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы ZOOM платформасы арқылы ата аналардың алдында есеп берді. Мектеп басшының есебін тыңдауға 1-11 сынып ата-аналар комитетінің төрағаларымен, қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты. Жылдық есеп барысында мектеп басшының атқарған жұмыстары туралы, оқушылардың жыл барысында пән олимпиадаларына қатысты жеңімпаз атанған оқушылар мен ұстаздар туралы, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңының орындалуы туралы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек туралы және 4-тоқсан бойынша қашықтықтан оқыту барысында жүргізілген іс шараларға тоқталып өтті. Ата аналарға оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары(жол ережелерін сақтау, суда жүзу, өрттен сақтану, өмір қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылық жасамау) туралы ескертті. Жиналысқа қатысқан ата аналарга, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне оқу жылының аяқталумен құттықтап, жазғы демалыста балалардың жақсы демалуына тілек білдірді.