Соңғы қоңырау сынып сағаттарын өткізді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Соңғы қоңырау сынып сағаттарын өткізді

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы № 129 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қалалық білім басқармасының хатына сәйкес 1-11 сынып оқушылары және ата-ананың қатысуымен «BIRGEMIZ: ТҮЛЕК 2020» тақырыбында онлайн соңғы қоңырау сынып сағаттарын өткізді. Сынып жетекшілеріміз ел дәстүрлерін насихаттау және сақтау, патриотизмге тәрбиелеу, білім құндылықтарын қалыптастыру, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттарын жоспарлады. Сынып сағат барысында сынып жетекшілеріміз жылдың атаулы мерейтойлары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Еріктілер жылы туралы баяндап, ІV тоқсан мен 2019-2020 о.ж. қорытындысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі: су, өрт, терезе т.б.қауіпсіздіктер, құқықбұзушылықтың алдын алу, жол жүру ережесі, қазіргідей қиын жағдайда-короновирустық инфекциядан қорғанудың негізгі ережелері туралы оқушыларымызға ескертілді. Үздік оқушыларымыз мадақтамалармен марапатталып, оқушыларымыз тағы бір сыныпқа жоғарылағанымен құттықталды. Ата-аналар, оқушылар тарапынан мектеп ұжымына деген жылы лебіздерін және алғыстарын білдірді.