"Келін тәрбиесі - киелі тәрбие" сұхбаты өтті
Шымкент қаласындағы Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы әлеуметтік желілерде «Дәстүр дәрістері" айдарын жүргізіп келеді. Ұлттық салт дәстүрлерімізді дәріптейтін онлайн дәрістердің берері көп. Отбасы құндылығын сақтау, келіндік иба, үлкенге құрмет көрсету сынды түрлі пайдасы мол сабақтар өткізіледі. Күні кеше "Келін тәрбиесі - киелі тәрбие" тақырыбында Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Ақтілек» әжелер тобының жетекшісі, зейнеткер Тоғызбаева Мейіз Әмірәліқызымен онлайн сұхбат өтті. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрімізде келіннің орны, көрсетер ибасы, келіннің жолы сынды түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Жаңа түскен жас келінді тәрбиелеуде ене мектебінің атқарар ролі туралы да айтылды. Мұндай сұхбаттардың жас отбасыларға берер тағылымы мол.
"Келін тәрбиесі - киелі тәрбие" сұхбаты өтті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode