Тәлімгерлер мен еріктілер мектебі жұмысын бастамақ

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тәлімгерлер мен еріктілер мектебі жұмысын бастамақ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің алаңында вице - министр Бибігүл Амангелдіқызы Асылованың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті.
Күн тәртібінде: өңірлерде еріктілер қозғалысын дамыту және әлеуметтік мекемелерде тәлімгерлік тәжірибесін енгізу. Алаңның модераторы болып Республикалық Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша министрдің кеңесшісі Раиса Петровна Шер болды. Алаңға форумға қатысушыларды жобаның тұжырымдамасымен таныстыру үшін «Kazbrands»ҚҚ президенті және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық жобасының етекшісі Қайкенова Жанна Қасымқызы шақырылды. Онлайн-алаңға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары, сондай-ақ барлық өңірлердің әлеуметтік мекемелерінің басшылары шақырылды. Біз, «Kazbrands» ҚҚ командасы үшін орталық биліктің жоғары ведомствосының алаңында сөз сөйлеп және «Birgemiz, Sabaqtastyq!» жалпыұлттық әлеуметтік жобасын іске асыру жайлы толық ақпаратпен бөлісу үлкен құрмет. Раиса Петровна «Тәлімгерлер мен еріктілер мектебінің» ресми ашылуына қатыса отырып, осы жобаға қызығушылық танытып, әлеуметтік мекемелер басшыларының назарын аудару үшін Министрлік алаңда талқылауды ұсынып, және оларды еріктілер жылында маңызды жобаны іске асырушы ретінде «Kazbrands» ҚҚ-мен серіктес болуға шақырды. Жоба үшін бұл әлеуметтік мекемелер басшыларымен тікелей өзара жұмыс жасау арқылы тәлімгерлер мен еріктілердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін үлкен қолдау. Балалар үйлеріндегі балаларға және өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға қатысты тәлімгерлікті тұрақты бірге қалай жасау керек. Сонымен қатар, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Әлеуметтік мекемелердің басшылары, сондай-ақ жоба аясында құрылған еріктілерді қолдау орталықтарының басшылары Нұр-сұлтан, Шымкент, Атырау қалаларынан: Құралай Токтамұратқызы, Гүлнар Үсенова, Әйгерім Сапарова ұсыныстармен сөз сөйледі. Алдағы уақытта Шымкент қаласында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ.