Кәсібінен нәсіп терген...
Шымкентте кәсіпкер әйелдердің көш басында жүрген Төреайым Сұлтанованы көпшілік жақсы таниды. Кәсіпкерлік саласында тер төгіп жүрген ханым «Ай нұры» медицина орталығын басқарып отыр. Бүгінде кәсіпкерлік саласына енді түрен салып жүрген жас бикештерге берер кеңесі де көп. Гендерлік саясатты қолдап, нәзікжандылардың көш бастауын да қош көреді.
Е»»»Негізінде ер-азаматтарымыздың атқаратын жұмысын әйелдер де орындай алады. Әйел, отбасы, қоғам – үшеуі тығыз байланысты. Отбасы мықты болса, қоғам да нығая түседі... Дәлдік диагностикамен қаруланған, дертке тиімді ем қолданатын медициналық орталықтар бой көтеріп жатыр. «Ай нұры» сондай емханалардың алғашқысы болатын. Мен «Самал» шағынауданында тұратынмын. Ол кездері тұрғындар дәрігерге көріну үшін айлап кезек күтетін. Маған «көпбалалы» отбасыларға емхана ашсам деген ой келді. Сөйтіп өз қаражатыммен емхана тұрғызылды. 5 қабатты нысан заманауи талапқа сай құрылды. Облыстық денсаулық сақтау департаментінен келген мамандар: – Жеке клиникадан гөрі, шағынаудан тұрғындарын осы емханаға әкелейік – деген ұсыныс жасады. Қазіргі таңда емхана 30 мыңға жуық тұрғынға тегін қызмет көрсетеді. 140 маман жұмыс істейді. Яғни емхана биылғы жаңа реформа бойынша қызмет көрсетеді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ай нұрында» мемлекеттік емханалармен әріптестік қатынас нығайды. Нәтижесінде медициналық қызмет көрсетудің сапасы артты. Сондықтан емханалардың аралас типте жұмыс жасауға ауысуына сенімсіздік білдірудің қажеті жоқ... Маған атақ пен мансаптан отбасымның міндеті маңызды» дейді.
Кәсібінен нәсіп терген...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode