Аналар кеңесінің кабиенеті ашылса...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Аналар кеңесінің кабиенеті ашылса...

 

Қиыншылық кез-келген отбасында болады. Отбасыға құндылық ретінде қараған адам шаңырағын шайқалтпауға тырысады. Бұл ретте қуантарлық жақсы тенденция бар. Мемлекет жас отбасыларды баспанамен қамтуда үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл өз кезегінде ажырасу көрсеткішін де азайтады деген сенім бар. Себебі, тұрмыс түзу болса, ыдыс-аяқ та сирек сылдырлайды. Одан бөлек, жастарға ұрпақтар сабақтастығы, отбасы құндылығын дәріптейтін жиындарды көптеп өткізу қажет. Телеарналардан, әлеуметтік желелерден арнай бағдарлама ашып, жұмыс жүргізу қажет-ақ. Санасы солқылдақ жастарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін бағамдауына жол ашу керек. Тіпті жастардың некесін қиятын Неке сарайларында жас отау иелеріне аналар кеңесінің арнайы кабинетін ашса артықтық етпес еді. Өмірлік көрген түйгені мол апа, әжелер жастарға ақ батасын беріп, шаңырақтың іргетасы берік болуы үшін барынша өнегелі сұхбат құрса, қандай керемет. Сонымен қатар, психологиялық кабинет ашып қою да жастарға көмек қолын созар еді. Бірі бірінсіз тұра алмайтын жастар уақыт өте келе шынайы мінездерін танып, бір бірінен бөлек кетуді жөн көрсе, психологтар уақытша қиындық өткелінен өтулеріне, ары қарай отбасы құндылығын сақтауға құлшыныс білдірулеріне атсалысса жақсы болар еді.

Шырынай Бекайдарова, Шымкент қаласының тұрғыны