Шымкентте кәсіпкер болуға ниетті нәзікжандылар көп
2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталады. Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған. Оқытудың қатысушылары Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде: ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар; мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе; зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар; жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар; табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері; ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері; қоныс аударушылар және оралмандар. Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі. Қазірдің өзінде өтініш беруші нәзікжандылар көп. Былтырғы жылы да осы бағдарлама бойынша кәсібін дөңгелетіп кеткен азаматшалар көп болды. Олардың басым бөлігі қызмет көрсету саласында, жеңіл өнеркәсіп, кондитер өнімдерін өндірумен айналысуда.
Шымкентте кәсіпкер болуға ниетті нәзікжандылар көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode