Шәкірттерінің бәрі шетінен үздік

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Шәкірттерінің бәрі шетінен үздік

 

Британдық Кеңес, Назарбаев Университеті, АҚ "Ғылым Фонды" және OYLA журналының ұйымдастыруымен жастар арасында өткен халықаралық ғылыми жобада Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бисенбай Әсем жүлделі орынға ие болды. Алғашқы кезеңде Қазақстан аумағы бойынша барлығы 260 үміткер қатысса, оның тек 10-ы ғана келесі турға жіберілген. Сол үміткерлер қатарында мектебіміздің үш бірдей оқушысы - Қасымбек Сағи, Момышева Ализа және Бисенбай Асем финалдық іріктеуде өз жұмыстарын қорғау мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар жаратылыстану пәндер бойынша таңдап алынған кез - келген тақырыпты 3 минут ішінде түсінікті әрі қызықты, ешқандай көрнекілік пайдаланбай онлайн түрде қорғап шықты. Алайда финалда әділ-қазылар мүшесі ғылыми жобалардың ішінен публикаға ең түсінікті, қызықты, тартымды және харизмалық серпіліс көрсете білген Бисембай Әсемнің жұмысын үшінші орынға лайық деп таныды. Ғылымды дамытуға бағытталған " SCIENCE STARS" халықаралық жобада Әсем "CRISPR Cas9 technology" тақырыбын таңдады. Гендік инженерияны дамыту бойынша зерттеу жұмысын көрсетті. Зерттеу барысында өсімдіктер, жануарлар және адам ДНК - сының өзгеруіне ықпал ететін технологияның жетістіктері жайлы теорияны қорғап шықты. Еліміз бойынша үздік үштікті қорытындылаған жеңімпаздың ғылыми жетекшісі физика пәні мұғалімі Ильясов Бауыржан. Бұл біздің алғашқы жетістігіміз емес. Өйткені оқушылардың ғылыми ізденісін шыңдап, оларды байқауға дайындауда сүбелі үлес қосып келе жатқан ұстаздың бұған дейін тағы бір оқушысы аталған сайыста жүлдегер атанған. Білім әлеміне қарыштап қадам басқан жастарға құқықбұзушылықтан аулақ болыңдар деп ұдайы жақсы жолға жетелеп отыратын ұстаздың мақсаты орындалғандай да. Шәкірттерінің бәрі шетінен үздік.