Онлайн дәрістер өтетін болады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Онлайн дәрістер өтетін болады

Шымкент қаласы білім басқарамасына қарасты № 132 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры У.С.Каштанова қамқоршылық кеңесі және ата - аналар комитетімен сағат 10:00 - де 1-4 сыныптар, сағат 11:30 - да 5-10 сыныптар ата - аналармен ZOOM онлайн форматта жиналыс өтті.
Онлайн жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселелерге жеке - жеке тоқталып, атқарылған жұмыстар қорытындысы айтылды. Ата - аналарға білім сапасы, білім алушылардың олимпиададан жеткен жетістіктері , мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілген көмектер, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын - алу бойынша атқарылған жұмыстар мен оқушылардың жетістіктері, мектепте атқарылған іс - шаралар, IV тоқсан бойынша қашықтықтан оқыту барысында жүргізілген іс - шараларға тоқталып, мектептің ішкі тәртіп ережесіне келесі оқу жылында мектеп формасының төменгі жаққа қара түсті шалбар,белдемше, жоғарыға ақ түсті көйлек киюді және келесі оқу жылында жоспарланып отырған жұмыстарға тоқталды. Әсіресе жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға баса мән беріліп отыр. Жаз бойы мектеп психологтары онлайн дәрістер өтетін болады. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата - аналар комитетінің мүшесі мектеп ұжымының жұмысына ризашылықтарын білдірді.