Кәсіпкерлікті кеңейтуді көздеп жүр
Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы азаматтарды түрлі мәселелері бойынша онлайн қабылдау ұйымдастырды. Алдын-ала әлеуметтік желілер арқылы жарияланған хабарландырулар арқылы 30-дан астам қала тұрғындары мәселелері мен байланыс номерлерін көрсетілген номерге жолдау тәсілімен тіркеліп, сауалдарына жауап алды. Қабылдауда басқарма басшысы Б.Дуйсебеков тұрғындарға жеке-жеке видео-қоңырау шалу арқылы, байланысқа шығып, мәселесін тыңдады. Ең көп туындаған сауалдар – 1 пайызбен берілетін кредиттер, әйел кәсіпкерлерді қолдау бағдарамалары мен кәсібін ашқысы келетін жастарға берілетін гранттар және қала аралық блок-посттардан өту мәселесі турасында болды. Бүгінде бизнеске қадам басқан қыз келіншектер қатары көбейіп келеді. Гендерлік саясаттың ықпалының арқасында барлық салада табысқа жетіп жүрген ханымдар кәсіпкерлік саласында да табысқа жетіп жүр. Енді қолдау бағдарламалары арқылы да кәсіптерін кеңейтуді көздер жүргендері жетерлік.
Кәсіпкерлікті кеңейтуді көздеп жүр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode