Жұмыла жұмыс істейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Жұмыла жұмыс істейді

Мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Көптеген жасөспірім қылмыскерлердің күнделікті іс-әрекеттеріне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымдары ешқандай бақылау болмағандықтан, соңы қылмыстық әрекетте ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемдік ұсақ ұрлықтар басым. Бұлардың көпшілігі түзеу мекемелері мен балалар үйінің бұрынға түлектері. Жыл сайын социологиялық зерттеулер жүргізіліп тұрады. Жасқспірімдердің құқықбұзушылыққа баруының себептері талданады. Одан бөлек ішкі істер органдарына қарасты ювеналды полиция, мектеп, психологтар қауымы жұмыла жұмыс істейді. Соның арқасында жыл өткен сайын қылмыс саны азайып келеді. Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін рейдтік іс шаралар қайта қолға алынбақ.