Әлеуметтік желіде бөлісті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times
Әлеуметтік желіде бөлісті
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебі балалардың жазғы демалысқа шығуына орай түрлі онлайн іс шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың  бос уақытын тиімді өткізуге септесері сөзсіз. Ұстаздар қауымы оқушыларға түрлі байқаулар ұйымдастыруда. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін де түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауы үшін үгіт насихат жұмыстарын да жүргізетін болады. Жуырда "Бояулар әлемі" үйірмесінің жетекшісі Мұхаметқали Айтбекұлы оқушыларға сурет өнерінің қыр сырын үйретуде. Қылқалам шеберінің шәкірттері күні кеше Балаларды қорғау күніне арнайылап салған суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті.