Ақжарма тілектерін арнады
Шымкент қалалық балалар кітапханасы әрдайым кітапсүйер оқырмандарын атаулы мерекелермен құттықтаудан қалыс қалған емес. Түрлі мерекелерге орай көптеген шаралар да ұйымдастырады. Күні кеше балаларды қорғау күніне орай әлеуметтік желіде арнайы құттықтап, оқырмандарына ақжарма тілектерін арнады. «Қымбатты балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз» делінген құттықтауда. Сондай-ақ, жаңадан шыққан кітаптарды таныстырып өтті. Болашақта патриот болуды, отансүйгіштік қасиетті дамытып, отбасы құндылықтарын сақтай отырып, адал да әділ азамат болып өсулеріне тілектестіктерін білдірді.
Ақжарма тілектерін арнады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode