Балаларды қуантты
Отбасы құндылығын арттыру бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Атадан балаға жалғасып кететін тәрбие бастауы әрдайым алдыңғы орында тұруы тиіс. Көпбалалы отбасында өскен балалар бауырмал, мейірімді болып өсері хақ. Отбасы құндылығының бір тиімділігі де осы болар. Бүгінде көпбалалы отбасылар қатары артып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек те көп. Күні кеше «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов және Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков көпбалалы отбасыларға барып, кішкентайларды сыйлық беріп қуантты. Ауданның тұрғыны 10 баланың анасы Алла Балабердина, Гүлбахыт Сатылғанова және 9 перзент көтерген Айгүл Жұмашева «Nur Otan» партиясына жылы лебіздерін білдірді.
Балаларды қуантты
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode