Сыйлықтар тарту етті
Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінде әлеуемттік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық танытып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап оларға жылы лебізін білдіріп, мерекелік тәттілер мен сыйлықтар тарту етті. «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбек арнайы алимент өндіріп алу қатарындағы жалғыз басты аналармен кездесіп балаларға деген ақ тілегін арнап, олардың болашақтарының жарқын болуына кәміл сенім білдіре отырып, естелік суретке түсті. Отбасы құндылығын арттырып, балаларды отансүйгіштік қасиеттерін арттырып, патриот болып өсуіне тілектес екендігін білдірді. Аналар балалаларына қуаныш сыйлаған Департамент ұжымына алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылып отырған қайырымыдылық шарасы бүлдіршіндерге қуаныш пен жылулық сыйлайтындығын жеткізді.
Сыйлықтар тарту етті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode