"Ұлттық ойын - ұрпақты шыңдайды"
Балаларды қорғау күніне орай орталық қызметкерлері «Балдаурен-Шымкент» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балаларға қолдау көрсету мақсатында халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерінен "Ұлттық ойын - ұрпақты шыңдайды" тақырыбында балалар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында демалушы балалар – аңыз-әңгімелер мен ырым-тиымдардың шығу тарихынан, тоғызқұмалақ, "арқан тартыс", "бұқа тартыс", "асық ату", "асау мәстек", т.б. ұлттық ойын түрлерінен жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп сайысқа түсті. Сайысқа түскен жас жеткіншектердің қызығушылығы мен белсенділіктерінде шек болмады. Себебі, ұмыт бола бастаған ойын түрлері өте қызық, әрі тәрбиелік маңызы зор. Олар балаларды епті, жылдам болуға үйретеді. Сайыс барысында жасөскіндерге жат қылықтардан бойды аулақ салу, құқықбұзушылыққа бармау жөнінде айтылып өтті. Ұлттық ойындарды ойнап, ұлттық болмысты бойына сіңірген бала ешуақытта да жаман болуға қақысы жоқ дейді ұйымдастырушылар. Сайыс соңында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
"Ұлттық ойын - ұрпақты шыңдайды"
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode