Әлеуметтік қолдау көрсетілуде

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әлеуметтік қолдау көрсетілуде

2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 190 млрд теңге бөлінді. Мәселен, 111,5 мың адам (жалпы сомасы 13 млрд. теңге болатын) бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақыны, ал сәуірде осындай төлемді 31,4 мың адам (3,7 млрд теңге) алды. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны орта есеппен 139,9 мың адам алады, оларға 11,9 млрд теңге төленді. Сәуір айында бұл жәрдемақыны 140,7 мың адам алды (3,1 млрд теңге). «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақымен орта есеппен 233,9 мың әйел адам қамтылды, сәуір айында 234,5 мың адамға 4 млрд. теңге төленді. 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақымен орта есеппен 384,9 мың отбасы қамтылған(жалпы сомасы 73,5 млрд теңге), сәуір айында 396,5 мың адам жәрдемақы алды (19 млрд теңге). Болашақ ана босануға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыс істейтін әйелдер жүктілік және босану үшін біржолғы төлем алады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 61,7 мың адам алды. Шымкентте 2 220 «Алтын алқа» иегері, 6 056 «Күміс алқа» иегері, 511 батыр ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі орданмен марапатталған 3200 ана бар. Шымкенттік аналар да мемлекеттен беріліп жатқан көмектерден қалыс қалып жатқан жоқ. Жанұя ұйытқысы болып, отбасы құндылығын арттыруға септігін тиіп отырған аналарға қолдау әрдайым бола бермек.