Құқық бұзушылық жасамау туралы ескертті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 97 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп басшысы Қаратаева Жамила Сағынтайқызы 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша ZOOM желісімен онлайн форматта Қамқоршылық кеңестің мүшелерімен және 1-11сыныптың ата-аналар комитетінің төрағаларының қатысуымен мектеп басшысының есебі тыңдалды. Күн тәртібінде 2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың білім сапасы, үздік аттестат саны мен берілуі; 2019-2020 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының есебі; Оқушылардың жазғы демаласындағы қауіпсіздігі;
Ата-аналардан ақша жинау сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі қаттаң түрде тиым салынатындығы, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жайында болды. Есеп барысында оқушылардың, сыныптардың білім сапасын, өткізілген іс-шаралар туралы, оқушылардың пән олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар мен ұстаздарды атап өтті. Алдағы оқу жылында міндетті мектеп формасына тоқталып өтті."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "Заңның орындалу туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар, демеушілер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмектер туралы айтылды. ІY-тоқсан бойынша қашықтықтан оқыту барысында жүргізілген іс-шараларға тоқталып өтті. Ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектептің жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстарына, мемлекеттің есебінен қаражат бөлінгендігі туралы айтты. Сонымен қатар 9-11 сыныптардың қоштасу кештерін ұйымдастыру, мерекелік іс-шараларға, мектепке қажетті кеңсе заттарымен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинау сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі қаттаң түрде тиым салынатындығы туралы айтылды. Ата-аналарға оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары жол ережелерін сақтау, суда жүзу, өрттен сақтану, өмір қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылық жасамау туралы ескертті. Жиналысқа қатысқан ата -аналарға, қамқоршылық кеңестің мүшелеріне оқу жылының аяқталумен құттықтап, жазғы демалыста балалардың жақсы демалуына тілек білдірді.
Құқық бұзушылық жасамау туралы ескертті
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode