Отбасылық құндылықтарын насихаттады
Ересек өмірге енді қадам басқан жастарға отбасылық құндылықтарды насихаттау қажет. Психологтар осылай дейді. Одан бөлек, көпбалалы аналар мен ақылгөй әжелермен де кездесулерді жиірек ұйымдастыру нәтиелі болмақ. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы отбасы құндылығын арттыру бағытында түрлі шараларды іске асырып келеді. Бүгінгі таңды онлайн кездесулер ұйымдастыруда. Ресурстық инклюзивті білім беру және психологиялық көмек беру орталығының жетекшісі, арт-терапевт, тәжірбиелі психолог Гүлнар Айтжанова 100-ге жуық студентке «өмірдегі ең басты құндылық – отбасы» екенін талдап, таразылап, түсіндірді. Жастармен сұрақ-жауап түрінде еркін пікір алмасып, рөлдік ойын әдісімен қызықты семинар өткізген Гүлнәр Тұрмаханқызы өз тәжірбиесімен бөлісе отырып, жастар арасында отбасылық құндылықтарын насихаттады. Алдағы уақытта да жастарға берері мол мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылмақ.
Отбасылық құндылықтарын насихаттады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode