Көрермен назарына ұсынылды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Көрермен назарына ұсынылды

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Оңтүстікфильм" мекемесі ашық аспан астында кинотеатр ұйымдастырды. Шараның мақсаты бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, мағыналы фильмдер арқылы патриотизмге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту, отбасы құндылығын дәріптеу. Ерекше шараға жиналған бүлдіршіндерді мекеме басшысы Райхан Дәрменқызы құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Сонымен қатар күнгейде түсірілген анимациялық фильмдер кішкентай көрермен назарына ұсынылды. Қызықты фильм тамашалап, тәтті балмұздақты сыйға алған балалар мәз болып тарқасты.