Отбасы — ұлылықтың ұясы
Отбасында адамзат баласы алғаш рет өмірмен, өзін қоршаған ортамен танысып, өмірлік мінез-құлық нормаларын меңгереді. Отбасының ең басты қызметі — баланы өмірге жан-жақты, тиянақты дайындау. Ол – тәрбиенің ең басты бөлігі. Сондықтан бала болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана және отбасы мүшелері бала дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлау керек. Және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдайлар жасау керек. Оны мына материалдан ала аласыздар…Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі бала болашағына әсер ететін маңызды мәселелерді талқылау және ата-аналарды құлақтандыру.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы оның жеке-тұлғалық және мінез-құлықтарының қалыптасуына біршама әсер етеді. Баланың тұлғасы оның өмірі өтетін барлық қоғамдық қарым-қатынастарының әсерінен қалыптасады. Алайда, ата-ананың адамгершілік мәдениетінің деңгейі, олардың өмірлік жоспарлары мен мақсаттары, әлеуметтік байланыстары, отбасылық салт-дәстүрлер, осының барлығы жас тұлғаның дамуына айтарлықтай маңызды әсер етеді. Отбасында бала қоғамдағы қалыпты өмірге қажетті өзіндік нақты ұстанымдар, қоғам мақұлдайтын өз-өзін ұстай білу қабілеттерін қалыптастырады.
Бала дамуына маңызды әсер ететін үш топты атап өту қажет: Ата-ананың объективті әсері, бала тұлғасының дамуы, сондай-ақ отбасындағы қарым- қатынастардың түрлері. Осы орайда ұсынылып отырған тақырыпқа сәйкес көптеген зерттеулер мен авторлардың тәжірибесіне сүйенсек мынаны байқай аламыз: тәрбиелеудегі қателіктер көбінесе, ата-аналармен педагогтердің баланың жеке дара қасиеттерін ескермей өздеріне қажетті нәтижені басты құндылық ретінде қарауы.Соңғы уақытта оқыту және тәрбиелеу процестерінде тұлғаны басты құндылық деп қарау принципі жиі айтылып жүргенімен, оны тәжірибеде қолдануда біраз қиындықтар бар.Ата-ананың балаға қарым-қатынасы – бұл балаға деген біртұтас сезімдердің жүйесі, баламен қарым-қатынас барысында байқалатын, өзін-өзі ұстай білу дағдысы, баланың жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсіну және соны ескере отырып әрекет жасау.
Сондықтан да мен курс барысындағы өз жұмыстарымда отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижесіндегі ата-аналық тәрбие стильдерін тыңдаушылармен бірге талқылап, ата-аналармен оңтайлы жұмыс жасауына мүмкіндік беремін.Отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау керек, ол махаббат, құрмет және отбасының басқа мүшелері сияқты оларға деген талаптармен теңестірілуі керек. Әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлері, отбасылық құндылықтары болуы керек. Отбасы, басқа әлеуметтік институттар сияқты, дәстүрлерді жасап шығару арқылы, нақты іс- әрекет үлгілерін қайталай отыра өмір сүреді, оларсыз отбасының өзіндік дамуы мүмкін емес.
Отбасының әртүрлі саладағы іс-әрекеті үлгілердің түрлерімен сәйкестендіру арқылы жасалады, олар жаңа жас отбасылардың дүниеге келуімен жаңарып, жаңа отбасын жасау арқылы реттеліп отырады: ерлі- зайыптылар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, үй шаруашылығын жүргізу, бос уақытты өткізу және т.б. Әр отбасының өзі және оның құндылықтары мәдениеттің пайда болуына жеткізетіндіктен, онда кез-келген материалдық және рухани іс-әрекеттің үлгісі отбасылық дәстүрдің пайда болуына негіз бола алады. Дәстүр – нақты жағдайларда белгілі бір іс- әрекеттердің дәл көрсетілуі.
Алтыншаш Қосайқызы Бөкешова
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы
Шымкент қаласы
Отбасы — ұлылықтың ұясы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode