Отбасылық дәстүрдің негізі

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасылық дәстүрдің негізі

Дәстүрлер осы немесе басқа отбасылық қарым-қатынастардың буындарын тұрақтандырып, оларды жаңа ұрпақтардың өміріне енгізеді. Мысалы, балаларды бағып күту, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, қонақты қабылдау, отбасылық шығын мен кіріс кітабын жүргізу тәртібі және т.б. дәстүрлер. Дәстүрлер өзіндік мағынаға ие, бірақ үлгі формасында көрсетілмейді. Дәстүрлер не істеуге болады және не істеуге болмайтынын ғана көрсетеді, қандай болу керектігін нұсқамайды. Дәстүрдің негізі – дәстүрлі қылықтардың мәнін анықтайтын отбасы құндылығы.

Балаларды дамытудың тиімді шарты – жақсы көретін отбасының болуы. Жақсы көретін отбасы – бұл балалармен үйлесімді және өзара түсіністікке қол жеткізетін отбасы, бұл жерде балалармен қарым-қатынас жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды мәдениет басымдылық танытады. Саналы махаббат баланы қабылдаумен, оған деген оң эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен іс- әрекеттің кооперациясымен анықталады. Ата-ананың балаға қатыстының барлығына, мейлі ол маңызды емес мәселелер болсын, қызығушылығының шынайы болуы, бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың балаға деген махаббаты көрінеді. Махаббаттың негізінде адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге болады: тек махаббат қана жақсы көруді үйрете алады. Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігінен тәрбиелеу және баланы дамытуға қатысты жауапкершіліктен шеттелу үрдісі байқалады. Ата-аналар баланың даму кезеңдерінде жас шамасы мен жеке дара ерекшеліктері жайлы білімдерінің жеткіліксіздігінен, кейде соқыр түйсікке сүйеніп тәрбиелеу үдерісін жүргізеді. Ата-ананың бала мүддесі жолындағы іс-әрекеті келесі жағдайларда: егер олар педагогтермен серіктес болғанда, баланы жақсы білуіне, оны түрлі жағдайларда көруіне және ересектерге олардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуына, құндылықты өмірлік бағдарлар қалыптастыруына мүмкіндік берген кезде ғана табысты болады.

Алтыншаш  Қосайқызы  Бөкешова

«Тұлғаны тәрбиелеу және  әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қаласы